Accessibility links

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ғаламдық жылынуға байланысты дабыл қақты


Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (World meteorological organisation) 2024 жыл былтырғыдан да ыстық болуы мүмкін деп ескертеді. Ғалымдар былтырғы жылды бақылау тарихындағы ең ыстық жыл деп таныған.

"ДМҰ бүкіл әлемге дабыл қағады" деді ұйымның бас хатшысы Селеста Сауло. Ол ерекше алаңдататын факторлардың қатарына бұрын-соңды болмаған дәрежеде мұхиттардың жылынып, мұздықтардың ерігенін жатқызды.

2023 жыл бақылау тарихындағы ең ыстық жыл деп танылған: әлем елдерінде температура бірінен кейін бірі рекордтық көрсеткіштерге жетіп жатты. ДМҰ өз есебінде Жердегі орташа температура ғалымдар бақылап келе жатқан 174 жылдың ішінде ең жоғары деңгейге жеткенін яғни, индустрияға дейінгі кезең 1,45 градус Цельсийден асқанын хабарлады. 1,5 градусты ғалымдар әрі қарай асыруға болмайтын ең жоғары көрсеткіш деп санайды.

ДМҰ мәліметінше, мұхит суы да бұрын-соңды болмаған дәрежеде жылыған: мұхиттардың 90 пайыздан астамында температура айтарлықтай артқан. Саулоның сөзінше, мұхиттардың жылынуы ғалымдарды ерекше алаңдатады, себебі "оны қалпына келтіру мүмкін емес" және тұрақты түрде салқындату үшін мыңдаған жыл керек.

2023 жылы БҰҰ метеорологтары ғаламдық жылынуды климаттың антропогенді өзгеруімен және Эль-Ниньо құбылысының (экватордағы Тынық мұхиты температурасының жоғарылауы) басталуымен байланыстырған. ДМҰ-ның айтуынша, 2024 жылы былтырғыдан да ыстық болады, себебі Эль-Ниньодан кейін бір жылдан соң ауа райы онан сайын ыси түспек.

  • Ғалымдар климаттың өзгеруі ауа райына әсер ететінін растады. Ғаламдық температураның жоғары болуы экстремалды ауа райы құбылыстарын жиілетіп, құрғақшылық, орман өрттері, дауыл жиіліктерін арттырған. Табиғи апаттардың салдарынан тіршілік иелері опат болып, үйлер, инфрақұрылымдар қирайды.
XS
SM
MD
LG