Уэльс ханшайымы Кейт Миддлтон қатерлі ісіктен емделіп жатқанын мәлімдеді. Қазір ол профилактикалық химия терапиясының ерте кезеңдік курсынан өтіп жатыр.
Кейт Миддлтонның сөзінше, қаңтарда оған құрсақ қуысына ота жасаған. Қатерлі ісік отадан кейін жүргізілген тексеріс кезінде анықталған. Дәрігерлер оған химия терапиясы профилактикасынан өтуге кеңес беріп, ақпан айында өте бастаған.
"Бұл біздің отбасымыз үшін өте ауыр кезең болды, алайда менде өте керемет медициналық команда болды, олар маған барынша қамқорлық көрсетті. Сол үшін оларға алғысым шексіз" деді Уэльс ханшайымы.
Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Уэльс ханшайымы "халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп отырғанын" айтып, бүкіл ел оны қолдап отыр деп мәлімдеді. Сунактың сөзінше, кейінгі апталарда "оны қатты назарға алып", "әділетсіздік танытқан".
"Денсаулық мәселесіне келгенде кез келген адам сияқты оған да тыныштық керек. Ол өзін жақсы көретін отбасымен бірге болып, емдеуіне көңіл бөле алуы керек" деді Сунак.
Кейт Миддлтон ұзақ уақыт жұрт алдына шықпай кеткен, соның нәтижесінде қоғамда түрлі сыбыс пайда болған.
Ақпан айының басында Ұлыбритания королі Чарльзден III қатерлі ісік анықталған. Король жуырда қуықасты без аденомасынан емделген, алайда дәрігерлер қатерлі ісіктің оған қатысы жоғын айтқан. Сол кезде сарайдың баспасөз қызметі король "емдеу курсынан өтіп жатқанын" хабарлаған.