Accessibility links

Сәтқалиев: Қазақстан КҚК жұмысына байланысты Ресей және Украинамен кеңесіп жатыр


Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийскідегі теңіз терминалындағы мұнай қабылдайтын пункті.
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийскідегі теңіз терминалындағы мұнай қабылдайтын пункті.

26 наурызда үкіметте өткен брифинг кезінде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астана Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ресей және Украинамен кеңесіп жатқанын айтты. Бұл туралы "Власть" сайты жазды.

"Біз Еуропа елдерінің елшіліктерімен, Ресейдегі әріптестерімізбен осы құбырдың тұрақты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша байланыста отырмыз. Дипломатиялық арналар арқылы Украина тарапымен де тиісті кеңестер жүріп жатыр" деді Сәтқалиев.

Энергетика министрі КҚК жұмысындағы үзілістерді "ауа райы факторлары" және күрделі жөндеу жүргізу мәселесімен байланыстырады.

Бұған дейін Financial Times басылымы дереккөздеріне сүйеніп, Вашингтон Киевті Ресейдің энергетика инфрақұрылымына шабуылды тоқтатуға шақырғанын хабарлады. Мұндай шабуылдар Қазақстан мұнайын Еуропаға экспорттайтын КҚК құбырына зиян келтіруі мүмкін екені айтылды.

Сол күні Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк "Дождь" телеарнасының эфирінде Вашингтон талабы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

  • Былтыр Bloomberg ақпарат агенттігі Қазақстан Ресейді айналып өтетін дәлізбен мұнай экспорттау үшін танкерлер сатып алғанын жазған.
  • 2022 жылы "Каспий құбыр консорциумындағы" ақаулардан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына мұнайды Транскаспий дәлізімен (Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Грузия, Түркия мен Еуропа елдеріне апаратын дәліз) экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG