Accessibility links

Ресейліктер теракт жайлы жазбалары үшін кешірім сұрап жатыр


"Крокус cити холлдағы" теракт құрбандарын еске алу акциясы.
"Крокус cити холлдағы" теракт құрбандарын еске алу акциясы.

Ресейдің түрлі аймақтарында "Крокус cити холлдағы" теракт мен оқиға құрбандарына "тиісті дәрежеде қайғырмай" жазба жариялаған адамдар қудалауға ұшырап жатыр. Оларға әкімшілік және қылмыстық істер қозғалған. Кейбірі әлеуметтік желіде "кешірім сұрап", видео жариялады.

25 наурызда Петербург әуежайында қайықшы, декоратор Николай Конашенок ұсталды. Әлеуметтік желіде ол теракт туралы жаңалыққа "Неге Крокус? Неге Кремль емес? Алмастырып алған жоқ па?" деп реакция білдірген.

25 наурызда полиция Конашеноктің "кешірім сұраған" видеосын жариялады. Конашеноктің әйелі, арт-менеджер Роксана Шатуновская сол күні күйеуінің жазбасына байланысты 12 жыл бойы басқарған "Жаңа Голландия" мәдени-ойын-сауық паркінің бас директоры қызметінен кеткенін мәлімдеді.

27 наурызда Конашенокқа "терроризмді ақтау" бабы бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Сот оны 25 мамырға дейін қамады.

Липецк облысында полиция әлеуметтік желіде "Крокустағы" терактіге қайғырмайтынын, ұлының Укранадағы соғыста екенін жазған әйелдің үйін тінткен.

Полиция "күш көрсетуге шақыру" және оны "ақтау" фактілері негізінде тексеріс бастаған. Полиция келгеннен кейін әйелдің аккаунтында "кешірім видеосы" жарияланды.

Полиция тікелей эфир кезінде "қазалы күн жарияланса, Мәскеуде жарияланды, Башқұртстанда емес" деп айтқан Башқұртстан тұрғынын да ұстаған. Ол тікелей эфир кезінде Мәскеуді "жеке мемлекет" деп атаған. Ізінше ол азамат та "кешірім видеосын" жариялады.

Осыған ұқсас жайттар көп. Бірде-бір жағдайда "кешірім видеоларының" қандай жағдайда жазылғаны, оларға қысым жасалғаны-жасалмағаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG