Accessibility links

Атырау облысы: Құлсарыны су ала бастады, тұрғындар эвакуацияланып жатыр


Жылыой ауданында су шайған трасса. 4 сәуір 2024 жыл.
Жылыой ауданында су шайған трасса. 4 сәуір 2024 жыл.

Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзені тасып, Құлсары маңындағы елді мекендерге су басу қаупі төнді.

Құлсары қаласында Құрсай өзені тасып, Стадион және Жадырасын ықшам аудандарында көшелерді су алған.

Тұрғындар жіберген видеода Құлсарыдағы үйлерді су ала бастағаны, әскерилер тұрғындарды эвакуациялауға көмектесіп жатқаны көрінеді.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 4 сәуірде Жем өзенінде су деңгейі көтеріліп, Жылыой ауданында "Доссор – Құлсары" жолы жабылған. Жылыой ауданында тасқынға байланысты 4 сәуірден бастап төтенше жағдай жарияланды.

Ал Атырау қаласында тасқын суға байланысты арнайы штаб құрылған, еріктілер көмекке шақырылып жатыр. Су басу қаупі басым учаскелерде (қала аумағына кіретін Рембаза елдімекені, Еркінқала, Алмалы, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтері) жаға бекіту жұмыстары басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG