Accessibility links

Алматы облысында Ворошилов бөгетінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды


Ворошилов су қоймасы
Ворошилов су қоймасы

Алматы облысының прокуратурасы Ворошилов су қоймасындағы бөгеттің жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Іс "Салғырттық" бабы бойынша ашылған. Тергеуді жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облыстық департаменті жүргізіп жатыр.

Бөгет 30 наурызда Байкент ауылында жарылған. Соның салдарынан Жармұханбет өзенінің арнасы бойындағы екі көл толып, 12 мыңнан астам адам тұратын екі елдімекенге су басу қаупі төнген. Халықтың бір бөлігі шұғыл қауіпсіз жерге көшірілген.

2017 жылы мамырда Алматы облысының қаржы басқармасы су қоймасын "Петрова Л." жеке кәсіпкерлігіне сенімді басқаруға берген. Дегенмен нысан Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Іле ирригациясы" мекемесіне қарайды.

Кейінгі күндері Қазақстанның бірнеше өңірін су басып, су тасқынының салдарынан бірқатар бөгеттер (Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Щербаков бөгеті, осы облыстың Хромтау ауданындағы Мағажан бөгеті) бұзылған. Олардың бұзылуына байланысты қылмыстық істер қозғалып жатыр.

XS
SM
MD
LG