Accessibility links

Көп әйел алудан – қыз алып қашуға дейін. Тұрмыстық зорлық түйткілдері

1988 жылғы Наурыз мейрамындағы әйелдер мен ер адам. Алматы. Көрнекі сурет.
1988 жылғы Наурыз мейрамындағы әйелдер мен ер адам. Алматы. Көрнекі сурет.

Осыдан 23 жыл бұрын қоғам қайраткері Хасен Оралтай Азаттыққа берген сұхбатында әйелдің қоғамдағы орны және көп әйел алу туралы ойларын ортаға салған. Қазақстанда кейінгі 5-15 жыл шамасындағы тұрмыстық зорлық және отбасыдағы жанжал статистикасы өсе түскен. Зардап шеккен әйелдерге көмек қолын созуда да өрескел кемшіліктер бар.

Азаттық радиосында ұзақ жыл қызмет атқарған, Азаттықтың қазақ бөлімін басқарған Хасен Оралтай 2001 жылы 1 сәуірде радионың "Әлем және әйелдер" бағдарламасына қатысқан. Оның айтуынша, қазақ ортасы халықтық тұрғыда әйелдерді жақсы сыйлаған.

Подкасты тыңдаңыз:

Зорлық, жанжал, қыз алып қашу. Тоқтамы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:19:57 0:00

"ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАНҚИЯРЛЫҒЫН КӨРДІМ"

Хасен Оралтай қазақтар Шығыс Түркістаннан Гималай асып ауған кездегі әйелдердің ерекше жанпида, жанкешті қасиетін көзбен көргенін айтады. Ол – 20 ғасырдағы жаугершілікті өткергендердің бірі.

"Менің өмірімнің көп бөлігі ауыртпалықпен өтті. Гималай асып, Такламакан шөлінен өткенде қазақ әйелдерінің жанқиярлығын да көрдім. Жау қуып келе жатады. Еркектер оларды тойтаруға кеткенде, әйелдер лезде жүкті артып жөнеледі. Бір жерге барып түсе қаламыз. Еркектер шолғынға кеткен, немесе жауға кеткен. Әйелдер жүк түсіріп, тезек теріп, қыста қар ерітіп, шай қойып тамақ әзірлеп жатады. Сол кезде еркектер де әйелді жақсы сыйлаған, жоғары бағалаған. Әрине, ішінара кейбір сөдегей жағдайлар болуы мүмкін. Оның бүкіл халыққа қатысы жоқ", – дейді Хасен Оралтай.

Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің бұрынғы директоры Хасен Оралтай (1933 - 2010)
Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің бұрынғы директоры Хасен Оралтай (1933 - 2010)

Коммунистік режимде көп балалы аналарды "Батыр ана" атап, арнайы марапаттап отырған. Мұны жоққа шығаруға болмайтынын айтқан Хасен Оралтай Советтік Қазақстандағы әйел теңдігі шынайы емес деп есептейді.

"Коммунистік уақытта әйелге теңдік берді деді. Қайдағы теңдік?! Шахтаның түбінде тұрып теңдік берді. Қазақ әйел шахтаға барып еркектермен бірге жұмыс істесе, тең екен", - деген ол совет жүйесіндегі әсірешілдікті сынайды.

2001 жылы Азаттықтың "Әлем және әйелдер" хабарында Хасен Оралтай өзі мекендеген Германияда әйелдерге жасалған мүмкіндік, әлеуметтік шара туралы да айтып өткен.

"Өзім тұратын Германияда халық саны тоқырап қалды деп халық санын арттыру үшін әйелдерге көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Бала тапқан әйелдер алты айға дейін толық жалақысын алып тұрады. Одан кейін жұмысқа бармаса да, баласы бес жасқа толғанға дейін әйелдер айына 600 марк – 300 доллардан астам ақы алып тұрады. Бұдан басқа, егер баласы бар әйелдер қажет етсе, үйіне көмекші қызметкер алдырта алады. Балалы әйелдер көшеде жүргенде оларға орын беру, мейірім көрсету сияқты басқа да көптеген қызмет қарастырылған", - дейді Хасен Оралтай.

"Елім-айлап өткен өмір". Хасен Оралтай

Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің бұрынғы директоры Хасен Оралтай (1933 – 2010)
1/25 Азаттық радиосы Қазақ бөлімінің бұрынғы директоры Хасен Оралтай (1933 – 2010)
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтайдың Түркияда алғаш құрастырған түрік тіліндегі кітаптарының бірі
2/25 Хасен Оралтайдың Түркияда алғаш құрастырған түрік тіліндегі кітаптарының бірі
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Түркияның ұлтшыл саясаткері Алыпарслан Түркеш (сол жақта) пен Хасен Оралтай
3/25 Түркияның ұлтшыл саясаткері Алыпарслан Түркеш (сол жақта) пен Хасен Оралтай
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Түркітанушы ғалым, қайраткер Зәки Уәлиди Тоған (сол жақта) мен Хасен Оралтайдың әкесі Қалибек Хәкім
4/25 Түркітанушы ғалым, қайраткер Зәки Уәлиди Тоған (сол жақта) мен Хасен Оралтайдың әкесі Қалибек Хәкім
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
1967 жылы Хасен Оралтайдың Азаттық радиосына әзірлеген алғашқы хабарларының бірі
5/25 1967 жылы Хасен Оралтайдың Азаттық радиосына әзірлеген алғашқы хабарларының бірі
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтайдың өз жеке кітапханасынан Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға өткізген ескі кітаптардың бірі – ХХ ғасырдың басында баспадан жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының жинағы.
6/25 Хасен Оралтайдың өз жеке кітапханасынан Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға өткізген ескі кітаптардың бірі – ХХ ғасырдың басында баспадан жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының жинағы.
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
1968 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет аталып өткен Абай күні туралы Хасен Оралтай әзірлеген хабар. Мюнхен, Батыс Германия, 1 қазан, 1968 жыл
7/25 1968 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет аталып өткен Абай күні туралы Хасен Оралтай әзірлеген хабар. Мюнхен, Батыс Германия, 1 қазан, 1968 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтайдың Азаттық радиосын құрушылардың бірі Қарыс Қанатбай туралы әзірлеген хабары. Мұнда автор өзін "Қаташұлы" деген бүркеншік атпен белгілеген. 19 қараша, 1987 жыл. Мюнхен, Батыс Германия
8/25 Хасен Оралтайдың Азаттық радиосын құрушылардың бірі Қарыс Қанатбай туралы әзірлеген хабары. Мұнда автор өзін "Қаташұлы" деген бүркеншік атпен белгілеген. 19 қараша, 1987 жыл. Мюнхен, Батыс Германия
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтайдың "С.Қазақбаласы" атымен түрік тілінде құрастырып, 1988 жылы Ыстамбұлда шығарған "17-18 желтоқсан 1986. Қазақстан оқиғалары" кітабының мұқабасы
9/25 Хасен Оралтайдың "С.Қазақбаласы" атымен түрік тілінде құрастырып, 1988 жылы Ыстамбұлда шығарған "17-18 желтоқсан 1986. Қазақстан оқиғалары" кітабының мұқабасы
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтай мен Әзербайжанның екінші президенті Әбулфаз Елшібей (ортада).
10/25 Хасен Оралтай мен Әзербайжанның екінші президенті Әбулфаз Елшібей (ортада).
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтайдың (ортада тұр) Қазақстанға алғашқы сапары. Алматы, маусым, 1991 жыл
11/25 Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтайдың (ортада тұр) Қазақстанға алғашқы сапары. Алматы, маусым, 1991 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтай мен Ахмет Байтұрсынұлының қызы Шолпан Ахметқызының (сол жақта) кездесуі. 1992 жыл
12/25 Хасен Оралтай мен Ахмет Байтұрсынұлының қызы Шолпан Ахметқызының (сол жақта) кездесуі. 1992 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтай мен Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатова (сол жақта).
13/25 Хасен Оралтай мен Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатова (сол жақта).
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтай (сол жақта) мен Азаттықтың Алматыдағы тілшісі Қиял Сабдалыұлы
14/25 Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтай (сол жақта) мен Азаттықтың Алматыдағы тілшісі Қиял Сабдалыұлы
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Азаттық радиосының қызметкерлері (солдан оңға қарай): Нұркәмал Пінар, Хасен Оралтай, Талғат Қосжігіт, Әбдуақап Қара және Әлихан Жаналтай. Мюнхен, Германия, 1995 жыл
15/25 Азаттық радиосының қызметкерлері (солдан оңға қарай): Нұркәмал Пінар, Хасен Оралтай, Талғат Қосжігіт, Әбдуақап Қара және Әлихан Жаналтай. Мюнхен, Германия, 1995 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Ресейдің Қазақстанды отарлауының 250 жылдығы мен СССР-дің 60 жылдығы туралы Хасен Оралтай әзірлеген хабардың мәтіні. 2 шілде, 1982 жыл. Мюнхен, Батыс Германия
16/25 Ресейдің Қазақстанды отарлауының 250 жылдығы мен СССР-дің 60 жылдығы туралы Хасен Оралтай әзірлеген хабардың мәтіні. 2 шілде, 1982 жыл. Мюнхен, Батыс Германия
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
"Казахстанская правда" газетінің Азаттық радиосы мен Хасен Оралтайды қаралап жазған мақалаларының бірі. Алматы, 14 қыркүйек, 1989 жыл
17/25 "Казахстанская правда" газетінің Азаттық радиосы мен Хасен Оралтайды қаралап жазған мақалаларының бірі. Алматы, 14 қыркүйек, 1989 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Солдан оңға қарай: Хасен Оралтай, Нығмет Мыңжани, Хасен Оралтайдың ұлы Бөгенбай мен зайыбы Хадиже Қытайдың Алтай аймағында. 1988 жыл
18/25 Солдан оңға қарай: Хасен Оралтай, Нығмет Мыңжани, Хасен Оралтайдың ұлы Бөгенбай мен зайыбы Хадиже Қытайдың Алтай аймағында. 1988 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Солдан оңға қарай: Азаттық радиосының қызметкері Хасен Оралтай, тарихшы Нығмет Мыңжани, Азаттық радиосының қызметкері Баймырза Хаит. Кельн, Батыс Германия. 1987 жыл
19/25 Солдан оңға қарай: Азаттық радиосының қызметкері Хасен Оралтай, тарихшы Нығмет Мыңжани, Азаттық радиосының қызметкері Баймырза Хаит. Кельн, Батыс Германия. 1987 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Тарихшы Нығмет Мыңжанидің Қытай қазақтары туралы зерттеуі негізінде әзірленген хабардың жазбасы. 12 ақпан, 1988 жыл. Мюнхен, Батыс Германия
20/25 Тарихшы Нығмет Мыңжанидің Қытай қазақтары туралы зерттеуі негізінде әзірленген хабардың жазбасы. 12 ақпан, 1988 жыл. Мюнхен, Батыс Германия
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Азаттық радиосының күндік эфирінің кестесі. Хасен Оралтай әзірлеген материалдар бар. Мюнхен, Батыс Германия. 29 қыркүйек, 1987 жыл
21/25 Азаттық радиосының күндік эфирінің кестесі. Хасен Оралтай әзірлеген материалдар бар. Мюнхен, Батыс Германия. 29 қыркүйек, 1987 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтайдың "Елім-айлап өткен өмір" кітабының қолжазбасы
22/25 Хасен Оралтайдың "Елім-айлап өткен өмір" кітабының қолжазбасы
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Азаттықтың Қазақ, Қырғыз және Өзбек қызметтерінің директоры Чарльз Карлсонның Хасен Оралтайға арнаған шақырту хаты. 1995 жылы зейнет демалысына шығып кеткен Хасен Оралтайды радио 2001 жылы тарих және мәдениет хабарларын жасауға көмектесу үшін Прагаға шақырған. 22 наурыз, 2001 жыл. Прага, Чехия. Хасен Оралтайдың Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы жеке қорынан
23/25 Азаттықтың Қазақ, Қырғыз және Өзбек қызметтерінің директоры Чарльз Карлсонның Хасен Оралтайға арнаған шақырту хаты. 1995 жылы зейнет демалысына шығып кеткен Хасен Оралтайды радио 2001 жылы тарих және мәдениет хабарларын жасауға көмектесу үшін Прагаға шақырған. 22 наурыз, 2001 жыл. Прага, Чехия. Хасен Оралтайдың Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы жеке қорынан
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Сейітқазы Матаевтың Хасен Оралтайға жіберген шақыру хаты. 16 маусым, 1993 жыл
24/25 Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Сейітқазы Матаевтың Хасен Оралтайға жіберген шақыру хаты. 16 маусым, 1993 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Хасен Оралтайдың Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға өткізген жеке қорының сипаттамасы. 25 қаңтар, 2016 жыл
25/25 Хасен Оралтайдың Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға өткізген жеке қорының сипаттамасы. 25 қаңтар, 2016 жыл
Эмиграциядағы қазақ қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші, журналист, жазушы Хасен Оралтай 1968 жылдан бастап 1995 жылы зейнетке шыққанға дейін Азаттық радиосында жұмыс істеді. Оның соңғы жеті жылында Азаттықтың Қазақ қызметін басқарған.
Previous slide
Next slide

"КӨП ӘЙЕЛ АЛУ ДЕГЕН – КӨПІРМЕ СӨЗ"

Осы сұхбатты жүргізген Азаттық радиосының қызметкері Нұрлытай Үркімбай сол кезде Қазақстанда әуестікпен жиі айтылған көп әйел алу мәселесі туралы да сұрайды. Хасен Оралтай көп әйел алуды ақтау үшін айтылған уәж – халық санын өсіру мүмкін емес дейді.

"Көп әйел алу деген – көпірме сөз. Көп әйел алу туралы көп әйел алып көрмегендер айтады. Мысалы, менің әкем марқұмның үш әйелі болды. Үш шешем болды. Әкемнің інісінің екі әйелі болды. "Қазақ байыса, қатын алады, сарт байыса, там салады" деген сөз тегін айтылмаған ғой. Көп әйел алумен халықтың саны көбеймейді. Қазір айтылып жүргендей сәнге көп әйел алу деген – бос сөз", - дейді Хасен Оралтай.

Кезінде өзі жұмыс істеген Азаттық радиосына берген сұхбатын Хасен Оралтай былай түйіндейді.

"Қалың мал, жасау беру дегеннен аулақ болуы керек. Батыс елдерінде қандай жақсы, екі жас келіседі. Басқалары олардың үйленуіне көмектеседі. Солардан үлгі алу керек", - дейді ол.

"ОТБАСЫДАҒЫ ЖАНЖАЛДАН ЖЫЛЫНА 500 ӘЙЕЛ ҚАЗА ТАБАДЫ..."

Азаттық радиосы 2010 жылы 11 қарашада "Уақыт бедері" хабарында отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталады. Сол кездегі статистикаға құлақ ассақ, жылына орта есеппен 500 әйел осындай оспадар әрекеттің құрбаны болатыны анықталған. Ұрып-соғудан қаза табады... Одан да сорақысы – отбасыда зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың бәрі бірдей өз құқығын талап етіп, заң орындарына жүгініп отырған жоқ.

Азаттық қызметкері Ләйлім Әубәкірова әзірлеген хабардан үзінді.

"Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда отбасыдағы жанжал салдарынан жылына 500 әйел қаза табады. Мамандар отбасыдағы жанжалға, әйелге күш қолдануға көбіне отбасының әлеуметтік жағдайы себеп болады дейді. Күйеуінің әйелін ұрып-соғуын отбасының жеке мәселесі деп қарайтын көршілері мен достары құқық қорғау орындарына шағымдануды жөн көрмейді. Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда әрбір сегізінші отбасы тұрмыстық зорлықтан зардап шегеді. 2010 жылдың бірінші жарты жылында ғана әйелдерді тұрмыстық жағдайда ұрып соққан 21 мың қылмыс тіркелген", - делінген.

Әсіресе, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, мемлекеттің бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеуі көптеген басқа да түйткілдердің туындауына себеп болуы мүмкін.

"Мамандар отбасындағы жанжал көп жағдайда тұрмыс деңгейінің төмендігінен болады деп есептейді. Әйел адам баламен үйде отырған уақытта мемлекет тарапынан қажетті жәрдемақыны ала алмауы мүмкін. Дағдарыс орталықтарының төрағасы Зүлфия Байсақова әйелдер дағдарыс орталықтарына хабарласқанымен, тек психологиялық көмек ала алатынын айтады. Оның айтуынша, жәбір көрген әйелдерді уақытша орналастыратын реаблитациялық орталықтар жоқ. Әйелдер мәселесін реттеудің бір жолы заңды күшейту керек дейді ол. 2009 жылы "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы мемлекеттік кепілдік туралы" және "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы" екі заң қабылданған болатын. Алайда мәселе заңның қабылдануында емес, орындалуында болса керек", - делінген Азаттықтың 2010 жылғы хабарында.

ЗАҢ БАСҚА, ЗОРЛЫҚ БАСҚА

Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан құрбан болуы, тіпті өз құқығын талап етпеуі оларға берілетін құқықтық көмектің де жартымсыздығын көрсетеді. Құқық қорғау орындары қызметкерлерінің тәжірибесіздігі де көп мәселенің сауатты түрде шешілуіне қолбайлау.

"Ең қорқыныштысы – мемлекет қаншама адамынан айрылып жатыр. Сол адамдар мемлекеттің дамуына өз үлесін қосар еді. Қазір жылына орта есеппен 500 әйел қаза болса, 10 жылда бес мың адамнан айрылу – халқы аз Қазақстан үшін үлкен көрсеткіш", - дейді Азаттық Дағдарыс орталықтарының төрағасы Зүлфия Байсақоваға сілтеп.

Заң жүзінде әйелдерді қорғау үшін де кейбір мәселелер нақты анықталмаған.

"2009 жылы қабылданған заңда тұрмыстық зорлықтың жыныстық, экономикалық, физикалық және саяси деп төрт түрі бекітілген. Ал адамдар іс барысында әйелге жасалған зорлықты тек физикалық тұрғыда болған жәбір деп бағалайды", - делінген Азаттық радиосының хабарында.

Сол кезде, яғни 2010 жылы Қазақстанда зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға көмек беру үшін 20 дағдарыс орталығы жұмыс істеген екен.

АЛЫП ҚАШУ ҚҰРБАНЫ АРЫЗДАНБАСА, ЕШКІМ ЖАЗАЛАНБАЙДЫ

Қазақ қоғамындағы, жалпы қазақ қоғамы ғана емес, Орталық Азияда басқа да елдерде әлі де қылаң беретін қыз алып қашу, адам ұрлау әйелдер мәселесіндегі түйткілдің үлкені болып отыр. Азаттық радиосы 2016 жылғы 2 наурыздағы "Зере" аудио бағдарламасында осы туралы қозғаған. Бес жыл бұрынғы хабарда тағы да жан шошырлық статистика келтірілген, жылына шамамен 5 мың адам қыз алып қашудың құрбаны болады.

"Қазақстанда қыз алып қашу туралы нақты статистика жоқ. Дегенмен әйелдер құқығын қорғау ұйымдарының дерегінше, жылына Қазақстанда бес мыңға жуық қыздар алып қашу құрбаны болады екен. Дегенмен олардың бірлі-жарымы ғана сотқа тартылады. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 125 бабында адам ұрлау бойынша жазаның қандай болатыны көрсетілген. Заң бойынша адам ұрлағандарды 4 – 6 жыл арасында бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бірақ ұрланған адам өзі арыз жазып әрекет етпесе, полиция ешкімді жауапқа тарта алмайды. Арыз жоқ болса, іс те жоқ, жауапқа тартылатын адам да жоқ", - делінген Азаттық қызметкері Мәншүк Асаутай әзірлеген хабарда.

Алып қашудың себептері қандай?

"Алып қашудың имитациясы деген тағы бар. Екі жастың өзара келісімімен жүзеге асатын әрекет. Оның себебі түрлі болуы мүмкін: әлеуметтік жағдайдың алуандығы, құда түсу, сырға салу, қыз ұзату тәрізді жоралғыларға кететін шығынның көп болуы. Соңғы уақытта ерте жастағы жүктілік те алып қашудың бір себебіне айналған", - делінген Азаттықтың 2016 жылғы хабарында.

Ал адам ұрлаудың кәмелетке толмағандарға қатысты тұсы заң бойынша қалай қудаланады? Заңгер не дейді?

"Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданараралық сотының судьясы Ернар Қасымбековтің айтқанына қарағанда Қазақстан заңы бойынша кәмелет жасына жетпегендермен жыныстық қатынасқа түсуге және некеге отыруға тыйым салынады. Ондайға жол берілген соң іс қарау үшін арыздың да керегі жоқ. Кәмелетке толмағандарға қатысты мұндай істе құқық қорғау органдары фактіні анықтап, іс қозғай алады. Қазақстан заңдарында 16 жасқа толғанға дейін әрқандай бір себеппен некеге отыруға үзілді - кесілді рұқсат берілмейді. Бұл туралы заңға таңба басқандай жазылған", - дейді Азаттық заңгер сөзіне сілтеме жасап.

Бұдан кейінгі уақытта және ағымда болып жатқан жағдайға қарап, жылдан-жылға тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасыдағы күш жұмсау үдей түскені байқалады. Немесе, бұрын айтылмаған түйткілдер тізбегі енді кезек-кезегімен жарияға шығып жатуы да мүмкін. Мұндай дерттің дауасы мәселенің ашық талқыланып, құқықтық тұрғыда бағалануы болса керек. Қоғам да соны талап етіп, заң үстемдігін паш ететін күнге жету – мақсат қана емес, өмір салтына айналса, қисынды.

Қысқаша шолу жасалған бұл жайды "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының бүгінгі 54 эпизодынан толығырақ тыңдауға болады. Сөз соңында Азаттық радиосындағы "Зере" подкасында тек қана әйелдер мәселесі арнайы талқыланып келе жатқанын еске саламыз.

Бүгінгі эпизодта қоғам қайраткері Хасен Оралтайдың 23 жыл бұрын Азаттықтың "Әлем және әйелдер" хабарына берген сұхбатына және соңғы 5-15 жыл шамасында радиода әйелдер мәселесі туралы қозғаған хабарларға шолу жасадық.

Эпизодта Ұлттық академиялық кітапханаға өткізілген Хасен Оралтайдың жеке қорынан материалдар пайдаланылды.

"Азаттық радиосына – 70 жыл" аудиоподкасының барлық эпизодын Азаттық сайтынан, подкаст платформаларынан және Азаттықтың YouTube-арнасынан тыңдауға болады.

  • 16x9 Image

    Қуанышбек ҚАРИ

    "Азаттық-70", "Азаттық толқынында" подкастарының және "Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

    Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG