Accessibility links

Құлсарыдан 12 мың адам Атырау қаласы мен Маңғыстау облысына эвакуацияланды


Су басқан Құлсары. 5 сәуір 2024 жыл.
Су басқан Құлсары. 5 сәуір 2024 жыл.

Су басқан Құлсары қаласынан шамамен 12 мың адам эвакуацияланды, 5 мыңы бала деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі. Эвакуацияланған халық Атырау қаласы, Теңіз кенішіндегі вахталық қалашық және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына көшірілген.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Жем өзенінің су деңгейін төмендету және қаланы кесіп өтетін Құрсай өзегін кеңіту жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік зардап шеккендерге үкімет пен жергілікті атқару органдары көмектесетінін айтты.

Бір күн бұрын Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы Құлсарыны су басып, халық қауіпсіз жерге көшіріле бастаған еді.

5 сәуірде әлеуметтік желіде су астында қалған Құлсарыдағы үйлердің кейбірінің құлағаны жөнінде видеолар тараған.

2021 жылғы халық санағы бойынша Құлсарыда 64 мың адам тұрады.

Жұма күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Атырау қаласын су басуы мүмкін екенін ескертіп, су тасқынымен күреске көмектесуге шақырған.

Қазақстан билігі су тасқыны қатері әлі сейілмегенін айтады. Елдің батысы мен солтүстігінде, шығысында күрделі. Ондаған мың адам эвакуацияланған, мыңдаған үй су астында қалды, ондаған елді мекен орталыққа қатынай алмай қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG