Accessibility links

Харьковке соққы кезінде алты адам қаза болды


Харьков мэрі Игорь Терехов
Харьков мэрі Игорь Терехов

Украинаның Харьков облысына түнде жасалған соққының салдарынан 6 адам қаза болды, 11 адам жараланды. Бұл жөнінде Харьков облысы әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубов хабарлады. Ол шабуылға Ресейді айыптады.

Оның сөзінше, кемінде 8 адам орташа дәрежеде жарақат алған, қалғаны жеңіл жарақаттанған. Облыс жетекшісінің сөзінше, бір түнде Харьков екі рет атқыланған, ЗРК С-300 ракеталарымен де соққы жасалған. Шабуыл кезінде "тек азаматтық нысандар" қираған.

Харьков мэрі Игорь Терехов та қалаға "Шахед" дрондарымен шабуыл жасалғанын айтты. Оның айтуынша, тұрғын үйлер де бүлінген. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, 9 көп қабатты тұрғын үй, үш жатақхана, жанармай станциясы, он көлік қираған.

6 сәуірге қараған түні Украинаның тағы екі аймағы да атқыланған. Херсон облысында – агроөнеркәсіптік кәсіпорын, Запорожьеде өндіріс орындары бүлінген. Зардап шеккендер жоқ.

Украинаның әуе күштері 6 сәуірге қараған түні Ресей Украинаға 32 "Шахед" дронын және алты ракета жібергенін хабарлады. Үш ракета мен 28 дрон атып түсірілген.

Ресейдің қорғаныс министрлігі Харьковтегі шабуылға түсініктеме берген жоқ.

XS
SM
MD
LG