Accessibility links

Ресейдің Ор қаласында тағы бір бөгет жарылды. Эвакуация жүріп жатыр


Ресей төтенше жағдай министрлігі өкілдері Никель ауылының тұрғындарын эвакуацияға дайындап жатыр. 6 сәуір, 2024 жыл.
Ресей төтенше жағдай министрлігі өкілдері Никель ауылының тұрғындарын эвакуацияға дайындап жатыр. 6 сәуір, 2024 жыл.

Ресейдің Ор қаласында тағы бір бөгет бұзылды деп мәлімдеді қала мэрі Василий Козупица.

"Су тасқыны ахуалы күрделеніп жатыр. Әуелі бөгеттің бойынан су аға бастады, кейін Борисоглеб көшесі аумағындағы бөгет бұзылып, су қаланың сол бөлігіне қатты келе бастады. Су жылдам келіп, эвакуациялауды қиындатады. Сол кезінде дер кезінде көшулеріңізді сұраймын" деді Козупица.

Ор қаласының солтүстігіндегі Никель қаласында тұрғындар жылдам эвакуацияланып жатыр деп хабарлады Орынбор облысының үкіметі. Тұрғындар уақытша пунктерге немесе туыстарына көшіріледі.

"Урал56.ру" басылымының мәліметінше, Ор қаласында осымен үшінші бөгет жарылып тұр.

6 сәуірде күндіз аймақ үкіметі РБК сайтына Ор қаласын су басу қаупі төніп тұрған жаңа аудан жоқ деп мәлімдеген.

"Өзен қалыпты ағып жатыр, көбейіп жатқан жоқ" деді Орынбор облысы үкіметі мен губернаторының ақпараттық саясат басқармасы өкілдері.

Аймақ губернаторы Денис Паслер Орынбор облысындағы су тасқынын бақылау тарихындағы суы мол кезең деп атады.

Ор қаласында алғашқы дамбы 5 сәуірде кешке бұзылған. Нысан 2014 жылы салынған және бюджеттен 910 млн рубль жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу және салғырттық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ресми мәлімет бойынша, Орынбор облысында су тасқыны нәтижесінде 25 қала мен елді мекенде 4,5 мыңға жуық үй мен шамамен 8,5 мың үй іргесіндегі телім су астында қалған.

XS
SM
MD
LG