Accessibility links

Жайықтағы су деңгейі "қауіпті межеден" асты


Ор қаласында су астында қалған үйлер. Сәуір, 2024 жыл.
Ор қаласында су астында қалған үйлер. Сәуір, 2024 жыл.

Ресейдің Орынбор облысындағы Жайық өзенінің деңгейі 931 сантиметрге көтеріліп, "қауіпті межеден асты" деп хабарлады Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер. Ол жергілікті тұрғындарды су басқан аудандардан кетуге шақырды.

Ақпаратқа қарағанда, Форштадт, Куйбышев, Кузнечный, Ситцовка, Заречный, Подмаячный, Солнечный және өзге де бірқатар аумақтарды су басқан.

Дегенмен ресми мәлімет бойынша, су тасқынынан зардап шеккен Ор қаласында Жайық өзені біртіндеп түсе бастаған.

  • Өткен аптаның соңында Орынбор облысында су тасқыны болды. Бақылаушылар бақылау тарихында бұрын-соңды осыншалықты дәрежеде су көп келмегенін айтады. Жексенбі күні үкімет комиссиясы Орынборда төтенше жағдай жариялады. 21 млрд рубль көлемінде инфрақұрылымға зардап келгені айтылды. 77 елді мекенде 10 мыңнан астам тұрғын үй және 18 мың үй іргесіндегі телімді су басқан.
  • Су тасқынынан қатты зардап шеккен елді мекендердің бірі – Ор қаласы. 5 сәуірде Жайық өзеніндегі бөгет бұзылды. Аудан тұрғындары эвакуацияланды. Бір күннен кейін ол жақта тағы бір бөгет жарылды. Ор қаласына ұшып келген Ресей төтенше жағдай министрі Александр Куренко жағдай "күрделі" екенін айтқан. Қалада мыңдаған үй мен аула су астында қалды.
XS
SM
MD
LG