Accessibility links

Украинадағы соғыс: Одесса облысында 4 адам қаза болды, арасында бала да бар


Ресей әскері 10 сәуірде кешке Одесса облысын атқылады деп хабарлады Украина әскері мен облыс билігі. Төрт адам қаза болды, арасында 10 жасар бала да бар. 14 адам жараланған, бірінің жағдайы ауыр, дәрігерлер оның аяғын кесіп тастауға мәжбүр болған деп хабарлады Украина бас прокуратурасы.

Алдын ала мәлімет бойынша "Искандер-М" ракетасымен соққы жасалған. Биліктің хабарлауынша, көлік инфрақұрылымы да бүлінген.

Ресей әскері соққыға түсініктеме бермеді.

Сәрсенбі күні күндіз Харьков облысының Липцы ауылы да атқыланды. Ол жақта үш адам өлген: екі әйел және 14 жастағы қыз. Екі адам жараланған. Волчанскіде тағы екі бейбіт тұрғын жараланған.

Харьков әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубовтың айтуынша, облысқа басқарылатын авиабомба тасталған болуы мүмкін. Поликлиника тұтас қираған. Малая Даниловка ауылында дүкен мен дәріхана өртенген. Құтқарушылар үйіндіні аршып жатыр. Онда адамдар қалған болуы мүмкін.

  • Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей билігі тек әскери нысандарға соққы жасап жатқанын айтады. Бейбіт азаматтардың опат болуы, тұрғын үйлер мен азаматтық инфрақұрылымның қирағаны жөнінде ақпаратқа Ресей қорғаныс министрлігі түсініктеме бермейді.

XS
SM
MD
LG