Accessibility links

Газа секторында ХАМАС жетекшісі Исмаил Ханияның үш ұлы мерт болды


Исмаил Хания
Исмаил Хания

Палестиналық және араб бұқаралық ақпарат құралдарының сәрсенбіде хабарлауынша, Израильдің Газа секторға жасаған соққыларынан ХАМАС (аталған топ ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым танылған) жетекшісі Исмаил Ханияның үш ұлы мен бірнеше немересі қаза болды.

Мәліметті Израиль армиясы мен қауіпсіздік қызметі растады.

Израиль әскерінің хабарлауынша, Исмаил Хания ХАМАС әскери қанаты эскадронының командирі болған. Оның екі бауыры – Мұхаммад пен Хазем Хания да әскери топтарға жетекшілік еткен.

Исмаил Хания балалары мен немерелерінің өлгенін растады. ХАМАС жетекшісі балаларының қаны «халқының кез-келген мүшесінен артық еместігін» мәлімдеп, балалары мен немерелерін «шейіт болды» деді.

Ханияның «Әл-Жазира» медиакомпаниясына хабарлауынша, туыстарының қазасы ХАМАС жетекшілігіне жоспарларынан бас тартуға мәжбүрлемейді, сонымен бірге Израильмен бітімге келуге қатысты ұстанымына әсер етпейді.

62 жастағы Ханияның 13 баласы бар. Ол Газа секторында емес, Катарда тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG