Accessibility links

Тобыл жылдам көтеріліп барады. Өзеннің деңгейі қауіпті межеден асты


Ресейдің Қорған облысында Тобыл өзені жылдам көтеріліп барады. Өзен деңгейі қауіпті меже саналатын 850 см-ден де асқан.

Кейінгі мәлімет бойынша, Қорғандағы өзен 894 см-ге жеткен. Екі сағат ішінде 11 см көтерілген. Тобыл жағасында орналасқан бірнеше елдімекенде су деңгейі 10 метрге жуықтаған. Ал бірінде 11 метрден асқан.

Қорған облысының билігі су тасқыны қаупі туындаған елдімекен тұрғындарын жедел эвакуацияға шақырды. 17 сәуір таңертеңге дейін 13 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Көбі туыстарын сағалап кеткен, шамамен 900 адам уақытша қоныстандыру пунктерінде тұрып жатыр, 200-і бала.

Биліктің хабарлауынша, аймақта 16 пункт ашылған, оған 5 мыңнан астам адам сияды. Үй жануарларын көшіру мәселесі де талқыланып жатыр.

Су әлі келіп жатыр. Эвакуация жалғасып жатыр. Қорған – Мәскеу бағыты бойынша екі авиарейс ұшпай қалған. Әуежай өкілдері бұл ұшақтың толмауымен байланысты екенін айтқан. Тобылда қазандықты су басқан. Облыс аумағында төтенше жағдай күшінде.

Тобыл өзені Қазақстанның Қостанай облысы арқылы да өтеді. Сәуірдің басында Тобыл тасып, Қостанай облысында жүздеген үйді су басқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG