Accessibility links

Израиль армиясы барлау басқармасының басшысы қызметтен кетті


Аарон Халива.
Аарон Халива.

22 сәуірде Израиль әскерилері армия бас штабы барлау басқармасының басшысы Аарон Халива қызметтен кеткенін хабарлады. Бұған былтыр қазанда ХАМАС тобының Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылы түрткі болды деп айтылды. АҚШ пен Еуроодақ елдері ХАМАС-ты "террор ұйым" деп таныған.

Халива – ХАМАС тобының Израильге бұрын-соңды болмаған көлемде жасаған шабуылына байланысты қызметін доғарған жоғары деңгейдегі алғашқы шенеунік. ХАМАС шабуылы салдарынан 1200-ден астам адам қаза тауып, 240-тан астам Израиль және шетел азаматы кепілге алынды, оларды Газаға алып кетті.

Израиль әскерилерінің мәлімдемесінде бас штаб басшысы Халиваның қызметтен кету туралы өтінішін қабылдап, оған алғыс білдіргені айтылды.

Associated Press агенттігінің жазуынша, Аарон Халивадан соң Израиль қауіпсіздік қызметінде кадрлық өзгерістер болуы мүмкін. Олар жеті айдан бері Газа секторында ХАМАС тобына қарсы соғыс жүргізіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG