Accessibility links

Жыл басынан бері 4,3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған


Түркіменстан қазақтары тарихи отанына оралды. 16 мамыр, 2021 жыл.
Түркіменстан қазақтары тарихи отанына оралды. 16 мамыр, 2021 жыл.

2024 жылдың басынан бері 4351 қазақ қандас мәртебесін алған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қандастардың жартысы Қытайдан келген. 31,9 пайызы Өзбекстаннан, 6,4 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 3,7 пайызы Ресейден, 1,5 пайызы өзге де елдерден келген.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, қандастардың 59,1 пайызы – еңбекке жарамды адамдар, 31,7 пайызы – кәмелет жасына жетпегендер, 9,2 пайызы – зейнеткерлер.

Еңбекке қабілетті қандастардың 16,9 пайызының жоғары білімі бар, 21,5 пайызы — орта кәсіби білімді, 55,5 пайызы — жалпы орта білімді, 5,1 пайызының білімі жоқ.

Министрліктің ақпаратынша, қандастар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған. Еңбек күші тапшы өңірлер ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары аталды.

"Жыл басынан бері 617 қандасқа түрлі қолдау шарасы көрсетілді. 368 адам тұрақты жұмысқа орналасты" делінген министрлік хабарламасында.

Ресми статистикаға қарағанда, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 132,7 мың қазақ оралған.

Қазақстан 2023 жылдан бастап шетелдегі елшіліктерінде "бір терезе" қағидасымен қандас мәртебесін бере бастаған. Бұл жоба бойынша шетелдегі қазақтар елге келмей-ақ қандас мәртебесін ала алады. Министрлік қазірге дейін бұл формат бойынша 7518 өтініш қабылданғанын айтады.

Қазақстанда Қытайдың Шыңжаң аймағынан келген қандастар қиын жағдайға тап болып жатады. Солтүстікке қоныс аударғандар қиындықтар барын айтады. Олардың ішінде тұрғын үй, жұмысқа орналасу және инфрақұрылым мәселесі бар.

Ауғанстан қазағы Қазақстаннан депортацияланбақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:52 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG