Accessibility links

Каспий жағалауынан бір ай ішінде 180 өлі итбалық табылды


Мамандар Каспий жағасына шығып қалған өлі итбалықтарды қарап жүр. Көрнекі сурет.
Мамандар Каспий жағасына шығып қалған өлі итбалықтарды қарап жүр. Көрнекі сурет.

25 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауынан 12 өлі итбалық табылды деп хабарлады облыстық балық шаруашылығы басқармасына сүйенген Lada сайты.

Бұған қоса, 23-24 сәуірде гидробиология және экология институтының мамандары Каспий жағалауына мониторинг жүргізу кезінде 67 өлі итбалықты тапқан. Олардың өлгеніне ұзақ уақыт болған болуы мүмкін, себебі денелері ыдырай бастаған. Мамандар "итбалықтар қыста өлген болуы ықтимал, осы уақыт бойы суда жатып, кейінгі күндері батыстан соққан жел оларды жағаға шығарып тастаған тәрізді" деп топшылайды.

Ақпаратқа қарағанда оқиға орнына жергілікті атқару органдар мен инспекция өкілдері, гидробиология және экология институтының мамандары барған. Мамандар өлі итбалықтардың денесінен сынама үлгілерін алған.

Басқарма мәліметінше, 29 наурыз бен 25 сәуір аралығында Каспий жағалауынан 182 өлі итбалық табылған.

Итбалықтардың неден өлгені әзірге белгісіз.

Экология тақырыбында жазатын журналист, зерттеуші Кирилл Павлов 26 сәуірде телеграм-арнасында "итбалықтардың өліміне H5N1 құс тұмауының жаңа штамы себеп болуы мүмкін" деп болжам жасайды. Оның пікірінше, "бұл ауру түріне халықаралық қауымдастық алаңдап отыр, сондықтан тезірек шара қолданбаса болмайды".

Әзірге билік өкілдері мұндай болжамға пікір білдірген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG