Accessibility links

Тбилисиде "шетел агенті" заңына қарсы наразылық кезінде кемі 63 адам ұсталды. Арнайы жасақ күш қолданды


Арнайы жасақ "шетел агенті" заңына қарсылық кезінде адамды ұстап жатыр. 1 мамыр 2024 жыл.
Арнайы жасақ "шетел агенті" заңына қарсылық кезінде адамды ұстап жатыр. 1 мамыр 2024 жыл.

Грузия ішкі істер министрлігі 30 сәуірде Тбилисиде "шетел агенті" заңына қарсы митинг кезінде 63 адам ұсталғанын хабарлады. Бұл күні парламент заң жобасын екінші оқылымда қарап жатқан еді. Тбилисидің орталық көшесіне және парламент ғимараты маңында мыңдаған адам (кейбір ақпараттарда 15 мың адам) наразылыққа шықты.

Қарулы күштері наразыларды сумен атқылап, резеңке оқ атып, көзден жас ағызатын газ шашып таратқан. Желіде тараған видеода арнайы жасақ митинг қатысушыларын ұрып жатқаны байқалады. Митингіге келгендер арасында қанша адам зардап шеккені жайлы ақпарат жоқ. ІІМ мәліметінше, алты полицей зардап шеккен. Наразылық кезінде елдегі негізгі оппозициялық "Біріңғай ұлттық қозғалыс" партиясының төрағасы Леван Хабеишвили де таяқ жеген.

Ел президенті Саломе Зурабишвили наразыларды қолдап, бейбіт наразыларға күш қолдануды сынады. "Бұған үкімет жауапты. Грузия халқы бейбіт митингіге шығу құқығынан айырылды" деп жазды ол Х желісінде.

Таңға таман күштік құрылымдар парламентте кетті. Ал наразылар арнайы жасақтың күш қолдануына қарамастан көшеде қалып қоқыстарды тазалап кеткен.

Парламент заң жобасын екінші оқылымын 30 сәуірде аяқтай алмай, 1 мамырда қайта жалғастырып жатыр.

"Шетел агенті" заң жобасы қабылданса, бюджетінің 20 пайызы шетелден келетін ұйымдар мен басылымдардың реестері пайда болады. 2023 жылы 7 наурызда Грузия парламенті бұл заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған соң елде жаппай наразылық басталған. Кейін парламенттегі "Грузия арманы" партиясы және "Халық күші" қозғалысы заң жобасын кері қайтарып алған.

Ад 2024 жылы сәуірде "Грузия арманы" заң жобасын парламентте қайта ұсынды. Түзетілген нұсқада «шетел агенті» терминінің орнына "шетел мүддесін ұсынатын ұйым" деген сөзі қолданған. Ал 17 сәуірде парламент бірінші оқылымда заңды қабылдады. Грузия президенті Саломе Зурабишвили наразыларды қолдап, заңға вето қоятынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG