Accessibility links

Швейцариялық әнші Nemo Eurovision-2024 байқауының жеңімпазы атанды


Әнші Nemo
Әнші Nemo

Швецияның Мальме қаласында 11 мамырда кешке Eurovision байқауының финалы өтті. Байқауда Code әнін шырқаған швейцариялық әнші Nemo Eurovision-2024 байқауының жеңімпазы атанды. Әнде ол өзінің тұлғалық ерекшелігін қабылдау жолын баяндайды.

Екінші орынды – хорват рэпері Baby Lasagna, үшінші орынды украиналық дуэт Alyona Alyona (Алена Савраненко) және Jerry Heil (Яна Шемаева) иеленді.

Байқау кезінде палестиналық белсенділер Израиль өкілі Эден Голанды жарыстан шеттетуді талап етті. Бірақ соған қарамастан Голан өнер көрсетіп, бесінші орынды иемденді. Бастапқыда оның "Қазандағы жауын-шашын" атты ән шырқайтыны хабарланған еді. Алайда ұйымдастырушылар әннің аты 2023 жылы 7 қазан күнгі қанды шабуылды меңзеуі мүмкін деп одан әннің атын өзгертуді талап етті. (2023 жылы 7 қазанда АҚШ пен ЕО-да террористік ұйым танылған ХАМАС тобы Израильге шабуылдаған). Әннің соңғы атауы "Дауыл" болды.

Көрермендер дауысында бірінші орынды - Хорватия, екінші орынды - Израиль, үшінші орынды Украина алды.

Байқауға әлемнің 25 елінен музыканттар қатысты. Нидерланды өкілі әнші Йост Клейн жуырда қызметкерлердің бірімен дауласқаннан кейін жарыстан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG