Accessibility links

Тбилисиде наразылар парламент маңында түнеді


Тбилисиде "шетел агенті туралы" заң жобасына қарсы азаматтар дүйсенбіге қараған түні парламент алдына қайта жиналды. Дүйсенбі күні таңертең парламет аталған заң жобасына түпкілікті түрде дауыс береді. Наразылар басқарушы "Грузин арманы" партиясы өкілдеріне аталған заңды қабылдауға және халықтың мүддесіне қайшы жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтіндерін айтқан.

"Эхо Кавказа" сайтының жазуынша, наразылар палатка, ұйықтайтын қаптар, газдан қорғайтын құралдар әкелген.

Тбилисидегі Руставели даңғылы жабылған. Парламент маңын көп полиция бақылауға көшкен.

Бұған дейін Грузияның ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури Тбилисиде ахуал қиындауы мүмкін деп мәлімдеген. Ол ерекше маңызды мемлекеттік нысандарды топ болып бекіту қылмыстық жазамен қудаланады және ол үшін 4 жылға дейін түрме жазасы берілуі мүмкін деп ескерткен.

  • 1 мамырда грузин парламенті "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған. Құжат сыншыларының пікірінше, аталған заң елдегі тәуелсіз ұйымдар мен оппозицияның үнін тұншықтырады. Кейбір белсенділер аталған құжатты Ресейдің "Шетел агенті туралы" заңына ұқсатқан. Құжат қабылданса, бюджетінің 20 пайызы шетелден алған қаражаттан құралған ұйымдар мен басылымдардың арнайы тізімі пайда болады. Ал жобаны қолдаушылардың айтуынша, онда репрессивті шаралар жоқ, ол коммерциялық емес сектордағы ұйымдардың ашықтығын арттырады. Олардың айтуынша, заң Ресей емес, Америка заңнамасына ұқсас.
  • Желтоқсан айында Грузияға одаққа қосылудан үміткер мәртебесін берген Еуроодақ аталған заң ЕО-ның құндылықтарына қайшы келетінін және елді аталған одаққа мүше болу үмітінен айырады деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG