Accessibility links

Словакия премьеріне қастандық жасалды


Премьерге қастандықтан соң ұсталған адам /REUTERS
Премьерге қастандықтан соң ұсталған адам /REUTERS

Словакия премьер-министріне белгісіз біреу қастандық жасады. Denník N газетінің жазуынша, үкімет отырысынан шыққан Роберт Фицоға оқ атқан.

Басылым тілшісі қастандық болған жерге жақын маңда жүрген. Ол шабуыл қалай болғанын көрмеген, бірақ атылған оқтың дауысын естігенін айтты. Кейін ол күзетшілердің премьер-министрді жерден көтеріп, көлікке салып, алып кеткенін көрген.

Куәгерлер оған Фицоның оқиғадан бұрын өзімен амандасқан адамдарға қарай жақындағанын айтты.

Полиция күдіктіні ұстады. Фицоның жағдайы ауыр екені хабарланды.

Оқиға орнында болған Denník N тілшісінің айтуынша, ол қорғаушылары премьер-министрді жерден көтеріп, көлікке салып әкетіп бара жатқанын көрген. Pravda басылымының жазуынша, оқ атты деген адам алдымен «Робо, бері кел!» деп айқайлаған.

Оқиға болған сәтте Гандлова қаласында үкіметің көшпелі отырысы өтіп жатқан, онда кабинет мүшелері Словаканың екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талқылауға тиіс еді. Қастандықтан соң Словакия парламентінің отырысы тоқтатылған.

Жарақаттанған Словакия премьер-министрін тікұшақпен ел астанасы Братиславаға алып кеткен.

«Бағытымыз – Словакия социал-демократиясы» партиясы сайлауда жеңіске жеткен соң оның басшысы Роберт Фицо үкімет басына келген. Бұдан бұрын да екі мәрте премьер болған ол Украинаға әскери көмек беруге қарсы шығатынын айтқан.

Ақпарат толықтырылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG