Accessibility links

Тәжікстан мамырда Орталық Азия энергия жүйесіне қосылады


Тәжікстан мамыр айының соңына дейін Орталық Азияның біріңғай энергетикалық жүйесіне қосыла алады. Бұл жөнінде Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов 14 мамырда Ташкентте өткен энергетика апталығында (UEW 2024) мәлімдеді.

"Біз аймақтараралық сауда және әріптестікті дамытып жатырмыз. Электр энергиясын жеткізу, экспорттау, импорттау транзит бойынша көршілеріміз – Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстанмен тығыз қызметтесіп жатырмыз. Осы айда Тәжікстан да біріңғай Орталық Азия энергетика жүйесіне қосылады деп күтіп жатырмыз" деді ол.

2021 жылдың аяғында Тәжікстан Орталық Азияның біріңғай энергетикалық жүйесіне оралуды талқылай бастаған. Елдің өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир Тәжікстан 2022 жылы біріңғай энергетикалық жүйеге қайта оралатынын мәлімдеген. Бірақ бұл бірнеше рет кейінге шегерілген.

Орталық Азия аймағында біріңғай энергетикалық жүйе Совет одағы кезінде құрылып, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстан жалпы қуаттағы электр энергиясын пайдаланып келген. Бұл бойынша бес елдің 83 станциясы біріккен. Онда негізгі рөлді Тоқтағұл ГЭС-і ойнаған.

Бірақ совет одағы тарағаннан кейін көршілер ортасында пікір келіспеушілігінен бұл біріңғай жүйе тоқтаған. Нәтижесінде Тәжікстан мен Түркіменстан бұл жүйеден шығып кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG