Accessibility links

"Крокус сити холдағы" терактіге айыпталғандардың қамау мерзімі ұзартылды


Күдіктілердің бірі Мухаммадсобир Файзов
Күдіктілердің бірі Мухаммадсобир Файзов

16 мамырда "Крокус сити холл" концерт залында теракт жасады деп айыпталып жатқан төрт адамның қамау мерзімі ұзартылды.

Сот шешімі бойынша Мухаммадсобир Файзов, Далержон Мирзоев, Мурадали Рачаболизода және Шамсидин Фаридуни 22 тамызға дейін қамауда болады. Олардың бәрі - Тәжікстан азаматтары. Айыпталушылар сот залына кісенделіп, арнайы киіммен жеткізілді.

"Интерфакс" агенттігі хабарлағандай, сот отырысы жабық өткен.

16 мамырда сот тағы төрт айыпталушыны қамауда қалдырды. Олар: Назримад Лутфуллои, Жумахон Курбонов, Якубжон Юсуфзода және Мухаммад Шарипзода.

Биыл 22 наурызда болған "Крокус Сити Холлдағы" терактіден 144 адам қаза болған.

Бұл терактіге жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алды.

Терактіге күдікті танылғандар азапталған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG