Accessibility links

Ресей заңын бұзған өзбек азаматтарына Қазақстанға бармауға кеңес берілді


Қазақ-өзбек шекара бекеті.
Қазақ-өзбек шекара бекеті.

Өзбекстанның көші-қон жөніндегі агенттігі Ресей заңын бұзған өз азаматтарына Қазақстанға бармауға кеңес берді.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған екіжақты келісім негізінде Қазақстан ішкі істер министрлігі мен шекара қызметінің базасына жаңа жүйе енгізілген.

"Соның салдарынан кейінгі кездері Қазақстан шекарасын кесіп өту кезінде Ресей аумағында құқықбұзушылық жасаған Өзбекстан азаматтары ұсталып жатыр. Ұсталғандар Ресей жағы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін түзеу мекемелерінде қамауда болады" деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Кейінгі айларда көптеген өзбек мигранттары Украинадағы соғысқа күштеп әкете ме деп Ресейден кеткен. Кейбірі "Крокус сити холдағы" терактіден кейін ксенофобия өршіген шақта Ресей аумағынан шығып кеткен. 140-тан астам адам қаза болған концерт залына шабуылдан кейін Ресейдің ондаған аймағында мигранттарға таксилерде жұмыс істеуіне тыйым салынды. Мигранттар Ресейде тексерістер күшейгенін хабарлады.

Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның көптеген азаматтары аймақта экономика тұрғысынан алғанда ең жақсы ел саналатын Қазақстанға жұмыс іздеп барады.

XS
SM
MD
LG