Accessibility links

Атырау – Орал тас жолының бірнеше бөлігін су басу қаупі туындағандықтан қозғалыс шектелді


Атырау облысында уақытша жабылған "Махамбет – Индер" жолы. Жедел штабтың телеграм-арнасынан алынған сурет.
Атырау облысында уақытша жабылған "Махамбет – Индер" жолы. Жедел штабтың телеграм-арнасынан алынған сурет.

Атырау – Орал республикалық трассасының бірнеше бөлігін су басу қаупі туындағандықтан қозғалыс шектелді деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы.

Атап айтқанда, Махамбет пен Индер ауылдары арасындағы аумақта жүк көліктерінің қозғалысы шектелген. Индер мен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды.

Жергілікті жедел штабтың хабарлауынша, "Атырау - Орал" республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суы өткізіліп жатыр.

"Бұл шешім өр суының көп келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елдімекендерді тасқын қаупінен сақтау мақсатында қабылданып отыр. Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілді" деп жазылған хабарламада.

Жедел штаб "жағдай тұрақты, елдімекендерге қауіп жоқ" деп жазды.

Атырау облысында кейінгі апталарда Жайық деңгейі көтеріліп жатыр. 19 мамыр таңертеңгі сағат 8-дегі мәлімет бойынша Жайық деңгейі төмендегідей:

  • Индербор ауылында кешегімен салыстырғанда +6 см, су деңгейі - 1021 см, шекті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет ауылы + 3 см, су деңгейі - 1011 см, шекті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қаласы + 4 см, су деңгейі- 570 см, шекті деңгейі - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы + 2 см, су деңгейі - 412 см, шекті деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала ауылы + 2 см су деңгейі - 370 см, шекті деңгейі - 450 см.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG