Accessibility links

БАҚ: Израиль мен ХАМАС арасында Газада атысты тоқтату туралы келіссөз үзілді


Газа секторы, 8 қаңтар 2024 жыл.
Газа секторы, 8 қаңтар 2024 жыл.

Израиль мен ХАМАС қарулы тобы (АҚШ пен Еуроодақта террористік ұйым деп танылған) арасында Газада атысты тоқтату туралы келіссөз үзілді. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Израильдің Kan телерадиокомпаниясы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, тараптар 2023 жылдың 7 қазанында кепілге алынған тұтқындарды босату шарттарына келісе алмаған. Бұған қоса, "соғыстың аяқталуы" деген ұғымды анықтауда ортақ пікірге келе алмаған.

Телеарна сөйлескен мамандардың сөзінше, келіссөзге араағайындық жасап отырған Египет пен Катар тұтқындарды босатып, әскери қимылды тоқтату қажеттігін алға тартқан. "Соғыстың аяқталуы" деген ұғымды анықтауда тараптардың көзқарасы әртүрлі болып шыққан. Бұдан бөлек, Израиль ХАМАС талап етіп отырған жихадшыларға вето қойған.

Египет пен Катар палестиналықтарды жақтаған.

Соңғы келіссөз Каир қаласында өтті. Бұған дейін 33 тұтқын босатылатыны, Израиль әскері Газаның бір бөлігінен шығарылатыны, бұған қоса, мәйіт алмасу болатыны айтылған еді. Ақпаратқа қарағанда, ХАМАС келісім шарттарға көнген, алайда 6 мамырда Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында құрлық операциясын бастаған. Израиль Рафахты ХАМАС-тың соңғы бекінісі деп атайды.

12 мамырда Каир Израиль үстінен Халықаралық сотқа шағымданған Оңтүстік Африка республикасының шағымына қосылды. Египет мұны Газадағы жағдайдың ушығуымен және палестиналықтарға агрессияның артуымен түсіндірген. Египет Израильдің Рафахтағы бақылау өткізу пунктін ақылдасып басқару бойынша ұсынысын кері қайтарды.

XS
SM
MD
LG