Accessibility links

АҚШ пен Сауд Арабиясы Таяу Шығыс бойынша "келісімге жақындап қалды"


Джейк Салливан (сол жақта) мен Мұхаммед бин Салман (коллаж)
Джейк Салливан (сол жақта) мен Мұхаммед бин Салман (коллаж)

АҚШ пен Сауд Арабиясы Таяу Шығысқа қатысты екіжақты келісім жасауға таяп қалды. Бұл туралы өткен демалыста Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мен Сауд Арабиясы жетекшілерінің келіссөздері "айтарлықтай нәтижеге" жеткен соң жария болды. Келісім жөнінде "Америка дауысының" Орыс қызметі хабарлады.

Қол жеткен нәтиже туралы дүйсенбіде Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік саласындағы коммуникация бойынша үйлестірушісі Джон Кирби мәлімдеді. Оның сөзінше, тараптар "түпкілікті" келісімге "бұрынғыға қарағанда жақындап қалған".

Вашингтон мен Эр-Рияд АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігі мен азаматтық ядролық саладағы көмегі бойынша келісімге келуге жақын. Алайда Израиль мен Сауд Арабиясы арадағы қатынасты жақсартуға қатысты келісімге әлі жетпеді.

Салливан Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен Газадағы жағдайды реттеу бойынша "жемісті" кездесу өткізді. Кейін Салливан Израиль басшылығымен аймақтағы шиеленісті басуға механизм құруды талқылады. "Гуманитарлық қызмет көрсетіп жүргендер мұқтаж жандарға қауіпсіз түрде көмек көрсете алуы керек" деп баса айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG