Accessibility links

Шенген визасы маусым айында 12 пайыз қымбаттайды


Қысқамерзімді Шенген визасын рәсімдеу жарнасы 11 маусымнан бастап бүкіл әлемде 12 пайыз қымбаттайды. Бұл туралы Словенияның сыртқы және еуропалық істер жөніндегі министрлігі хабарлады.

Жаңа ережелер 11 маусымнан бастап бүкіл әлемде күшіне енеді.

Шенген визасының ересектерге арналған түрі – 90 еуро, ал 12 жасқа дейінгі балаларға 45 еуро болады. Алты жасқа дейінгі балаларға ақша төлеудің қажеті жоқ.

Қазір ересектер үшін консулдық алым – 80 еуро, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықтағы балалар үшін 40 еуро тұрады.

Еурокомиссия шенген визасының құнын әр үш жыл сайын қайта есептейді. Комиссия Еуроодақ елдеріндегі мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы мен инфляция деңгейін ескереді. Шенген аймағына 27 мемлекет кіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG