Accessibility links

Талғар өзеніндегі көпір су деңгейінің көтерілуіне байланысты жабылды


Талғар көпірі. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі жариялаған сурет.
Талғар көпірі. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі жариялаған сурет.

Алматы облысы Ават ауылдық округі аумағында Талғар өзенінің деңгейі көтеріліп, өзеннің сол жағалауында орналасқан балама жолды су шайып кетті. Жақын маңдағы карьерлердің аумағын су алу қаупі туындады деп хабарлады әкімдік.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі бір күн бұрын жауын-шашын және таудағы қардың еруінің салдарынан Талғар өзенінің деңгейі күрт көтерілгенін хабарлаған.

"Ават ауылдық округіне қарасты көпір визуалды тексеру кезінде көпірге жақындаған жерлердегі жағалаудың шөгуі, сондай-ақ беткейлердегі топырақтың шайылып кеткені көпірді аппаттық жағдайға әкелуі мүмкін" деп жазылған ресми хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, көпірдегі қозғалыс шектелген. Дегенмен Құлжа трассасындағы айналма жол мен Талғар-Есік-Бәйдібек би жолдары толық жұмыс істеп тұр.

Бейсенбі күні әкімдік өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.

XS
SM
MD
LG