Accessibility links

Аннексияланған Қырымда ракета шабуылынан екі адам қаза болғаны хабарланды


Ресей аннексиялап алған Қырымның басшысы Сергей Аксенов 23 мамырда кешке Украина түбекке ракетамен шабуылдап, соның салдарынан екі адам қаза болғанын хабарлады.

"Симферополь ауданында ракета шабуылының нәтижесінде көшеде кетіп бара жатқан екі адам қаза болды" деп жазды Аксенов өзінің телеграм-арнасында. Оның сөзінше, Алушта ауданында шаруашылық нысандарына соққы тиген.

Киев ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Жергілікті телеграм-арналардың хабарлауынша, Қырымда 23 мамырда бірнеше жарылыс болған. Атап айтқанда, жарылыс дыбысы Ялта, Алушта, Симферополь, Джанкой, Евпатория және Бақшасарайда естілген.

"Суспільне" басылымының жазуынша, Алуштада кемінде бес рет жарылыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG