Accessibility links

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов дүниеден озды


Төрегелді Шарманов (оң жағында) ұлы Алмаз Шарманмен бірге.
Төрегелді Шарманов (оң жағында) ұлы Алмаз Шарманмен бірге.

Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов 94 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Шармановтың портретін ұлы Алмаз Шарманов Facebook-тағы парақшасында жариялады. Қолданушылар жазбаның астында оған көңіл айтып жатыр.

Асфендияров атындағы медицина университеті ғалымның қазасы туралы хабарламасында марқұмды "қазақ медицинасының мақтанышы және дүниежүзілік денсаулық сақтау саласының аңыз адамы" деп атады.

Төрегелді Шарманов 1971-1982 жылдары Қазақ ССР денсаулық сақтау министрлігіне жетекшілік еткен. Оның бастамасымен 1978 жылы Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және ЮНИСЕФ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша халықаралық конференция өтті, онда әлемдік денсаулық сақтау саласындағы негізгі құжаттардың бірі Алматы декларациясы қабылданды.

1973 жылы Шарманов КСРО Тағамтану институтының медицина ғылымдары академиясының Қазақ бөлімшесіне жұмысқа орналасқан. Кейін бұл Қазақ тағамтану академиясы болып аталды. Төрегелді Шарманов Қазақстандағы нутрициологтар мектебінің негізін қалаған.

2005 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін ДДСҰ-ның Леон Бернард атындағы халықаралық сыйлығымен марапатталды.

XS
SM
MD
LG