Accessibility links

НАТО жетекшісі: Украинаның Ресейге батыс қаруымен соққы жасауға құқығы болуы керек


НАТО жетекшісі Йенс Столтенберг және Владимир Зеленский Киевте, 29 сәуір 2024 жыл.
НАТО жетекшісі Йенс Столтенберг және Владимир Зеленский Киевте, 29 сәуір 2024 жыл.

Украинаның одақтастары Ресей аумағындағы нысандарға батыс елдерінің қару-жарағымен соққы жасауға тыйым салмауы керек деді НАТО жетекшісі Йенс Столтенберг Economist басылымына берген сұхбатында.

"Украина одақтастарының Киевке берген қаруына қатысты кейбір шектеулерді алып тастауды қарастыратын мезгіл жетті. Әсіресе қазір Харьков облысында ұрыс жүріп жатқан кезде Украинаның Ресей аумағындағы заңды әскери нысандарға батыс қаруын пайдалана алмауы Украина қорғанысын қиындатады" деді Столтенберг.

Economist басылымының жазуынша, Столтенберг бұл мәселеде АҚШ-тың ұстанымына қатысты Ресейдің артықшылыққа ие болып отырғанын жақсы біледі. НАТО жетекшісінің сөзінше, ресейліктер шекарадағы аумақта шабуылын жалғастырып, украин жерін басып ала бермек.

"Мұның не екенін естен шығармауымыз керек. Бұл Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысы. Украинаның қорғануға құқығы бар. Оған Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасау құқығы да кіреді" деді Столтенберг.

XS
SM
MD
LG