Accessibility links

Бішкекте қырғыз және тәжік топографиялық топтарының кездесуі аяқталды


25 мамырда Бішкекте 19 мамыр күні басталған Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет делегацияларының кездесуі аяқталды.

Қырғызстан министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі елдің шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі топографиялық және құқықтық жұмыс топтары "қырғыз-тәжік шекарасының сызықтарын сипаттау бойынша ұсыныстарымен" алмасқан

Екі жақтың қандай келісімге келгені айтылмайды, алайда тараптар келесі кездесуде жұмысты жалғастыруға келіскені белгілі болды. Келесі кездесу Тәжікстанда өтпек.

Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері бірнеше жылдан бері мемлекеттік шекараны келісу бойынша келіссөздерді барлық деңгейде белсенді түрде жүргізіп келеді. Осы мәселе бойынша кезекті келіссөз 6 мамырда Өзбекстанда өткен. Оған Қырғызстан жағынан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев қатысқан.

Ақпан айында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жиенбек Кулубаевпен кездесу кезінде өткен төрт айда екі республика мемлекеттік шекараның шамамен 196 шақырымының жобалық және жұмыс сипаттамасын келіскенін мәлімдеген.

Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы – 972 шақырым. 2022 жылғы кездесу кезінде Қырғызстан және Тәжікстан президенттері мемлекеттік шекараның 664 шақырымы бойынша келісімге келгенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG