Accessibility links

Өзбек кеденшілері Қазақстаннан зергерлік бұйымдарды заңсыз әкелу талпынысы тіркелгенін хабарлады


Өзбек-қазақ шекарасындағы "Жібек жолы" бекеті.
Өзбек-қазақ шекарасындағы "Жібек жолы" бекеті.

Өзбекстанның кеден комитеті жалпы салмағы 59 кило болатын зергерлік бұйымдарды елге заңсыз кіргізу талпынысы болғанын хабарлады. Кеден қызметкерлері өзбек-қазақ шекарасында "Гишткуприк" ("Жібек жолы") бекетінде Қазақстаннан Өзбекстанға қарай өтпек болған жолаушылар автобусын тоқтатқан. Тексеру кезінде автобустың запастағы дөңгелегінен күміс зергерлік бұйымдар табылған.

Жүктің құны 1,7 млрд сум (шамамен 133 мың доллар) деп бағаланған. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, тергеуге дейінгі амалдар басталған. Өзге жайттар хабарланған жоқ.

Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетіне қарасты облыстық басқарма өкілдерінің айтуынша, қазіргі заңнама бойынша жеке тұлғалар кеден шекарасынан жалпы салмағы 65 грамнан аспайтын құнды металдан әзірленген зергерлік бұйым немесе құнды тастарды ғана жарнасыз өткізе алады.

XS
SM
MD
LG