Accessibility links

Путин Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (ортада) және Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта).
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (ортада) және Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта).

Ресей президенті Владимир Путин 26 мамырда Өзбекстанға барды, бұл оның бесінші президенттік мерзімі басталғалы шетелге жасаған үшінші сапары. Кремль жариялаған видеода Путинді Ташкент әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қарсы алғаны көрінеді.

Қос президент Ташкенттегі Тәуелсіздік монументіне гүл қойды. Сапарға орай Өзбекстан астанасында екі елдің туы ілінген, қаладағы экрандарда Путинге және басқа да Ресей шенеуніктеріне арналған жазулар көрсетілді.

Халықаралық зерттеулер санкцияға ілінген тауарларды Ресейге жіберетін негізгі орындардың бірі – Өзбекстан дейді. Ресейдің "Газпром" монополист компаниясы 2023 жылы Еуропаға газ тасымалдауды тоқтатқан соң оны Өзбекстанға жеткізе бастаған. Мәскеу – Ташкенттің негізгі сауда серіктестерінің бірі, былтыр тізімдегі бірінші орынды Қытай алған.

Путин мен Мирзияев биыл 9 мамырда Мәскеуде кездескен. Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі ол кездесуде "жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты" нығайту және сауда-экономикалық байланысты дамыту мәселелері талқыланды деп хабарлады. Кейін Өзбекстан президенті Орталық Азия елдері басшыларымен бірге Қызыл алаңда өткен парадқа қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG