Accessibility links

Геленжиктегі "Путин сарайын" дрондар нысанаға алды


Геленжиктегі "Путин сарайы"
Геленжиктегі "Путин сарайы"

27 мамырға қараған түні Украина дрондары Краснодар өлкесіндегі Геленжик қаласындағы нысандарға шабуыл жасады.

"Криница ауылында сынған аппарат бөлшегі құрылысы бітпеген ғимаратқа зақым келтірді. Жанхот ауылында дрон ағаштарға түсіп, өрт шықты, кейін өрт сөндірілді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ", — деп мәлімдеді Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев. Ол әуе қорғанысы күштері дрондардың бәрін жойды деп мәлімдеді.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Краснодар өлкесінде түнгі мезгілде төрт дронды атып түсіргенін хабарлаған.

Қара теңіз жағалауындағы Идокопас мүйісінде Жанхот ауылына жақын жерде біраз зерттеуде айтылған Ресей президенті Владимир Путинге арнап салынған сарай бар. Криница ауылында "Старый Прованс" шарап зауыты салынып жатқан еді.

2021 жылы Владимир Путин Геленжиктегі сарай өзіне тиесілі емес екенін айтып, ол жерде ешқашан болмағанын мәлімдеген. Путиннің сол ғимаратта тұрғанын немесе болғанын дәлелдейтін тікелей айғақ-дерек жоқ, алайда оған президенттің маңайындағы адамдардың қатысы бары құжаттардан анық көрінеді. Путиннің бизнесмен досы – Аркадий Ротенберг ғимарат өзінікі екенін айтқан. 2021 жылдан кейін Ротенберг те, Путин де сарай жөнінде ештеңе деген емес.

Мамырдың басында Владимир Путин Ресей президенті болып бесінші мерзімге сайланғанына орай өткізген инаугурациясы қарсаңында оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары Геленжик сарайында түсірілді деген суреттер мен видеолар жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG