Accessibility links

Ресей Өзбекстанда шағын АЭС салуды жоспарлап отыр


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.

Ресей Өзбекстанда қуаты шағын атом электор станциясын (АЭС) салуды жоспарлап отыр. Мұндай келісімге Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі келіссөзден соң қол қойды.

Қазір Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінде атом электр станциясы жоқ.

Құжатқа сәйкес, 2018 жылғы үкіметаралық келісімге өзгеріс енгізіледі: бұған дейін екі ел жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын екі блокты атом электр станциясы құрылысын талқылаған, бұл енді әрқайсының қуаты 55 МВт болатын қуаты шағын алты энергоблокқа дейінгі АЭС құрылысы боп өзгермек.

Президенттер кездесуде көші-қон мәселесін де талқылаған. Путин Ресей билігі Өзбекстаннан келген мигранттарды лайықты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге және әлеуметтік жағынан қорғауға қажеттің бәрін істейді деп мәлімдеді. Екі ел басшылары Ресейдің табиғи газын Өзбекстанға ұзақ мерзімде жеткізу жөніндегі келісімді жоғары бағалаған.

Халықаралық зерттеулер санкцияға ілінген тауарларды Ресейге жіберетін негізгі орындардың бірі – Өзбекстан дейді. Ресейдің "Газпром" монополист компаниясы 2023 жылы Еуропаға газ тасымалдауды тоқтатқан соң оны Өзбекстанға таси бастаған. Мәскеу – Ташкенттің негізгі сауда серіктестерінің бірі, былтыр тізімдегі бірінші орынды Қытай алған.

Жексенбі, 26 мамырда Путин Ташкентке екі күндік сапармен барды. Ресей президенті бесінші мерзімге сайланғалы бері үшінші рет шетелге шықты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG