Accessibility links

Жезқазғанда жас бала мінген жеңіл көлік бірнеше адамды қағып кетті


Жезқазғанда бір топ адамды қағып кеткен көлік. Видеодан скриншот.
Жезқазғанда бір топ адамды қағып кеткен көлік. Видеодан скриншот.

Жезқазған қаласында жеңіл көлік жолда кетіп бара жатқан бір топ адамды қағып кетті. Полиция мәліметінше, төрт адам зардап шегіп, ауруханаға түскен.

"Көлікте отырған бес жасар бала тежегішті ажыратып жіберген. Салдарынан көлік өздігінен қозғалып, адамдарды қаққан. Төрт адам зардап шекті, олар ауруханада жатыр" деп хабарлады Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жеңіл көліктің артқа қарай жүріп, бес адамды қағып кеткені көрінеді. Ол жол бойында тұрған басқа көлікке соғылып тоқтаған. Видеода көліктен түсе сала қашып бара жатқан кішкентай бала көрінеді. Бейнебақылау камерасына түскен бұл видеоны etozhez телеграм-арнасы жариялады.

Etozhez мәліметі бойынша, денсаулық сақтау басқармасы бес адам зардап шекті деп хабарлаған.

"Бес адам зардап шекті, бәрі тірі. Үш әйелді амбулаториялық ем алуға жіберді, бір ер адам травматология бөлімінде жатыр, оның төрт қабырғасы сынған", — деп хабарлады басқарма.

Зардап шеккендер арасында бір бала бар, оның басына зақым келген деп жазды БАҚ. Денсаулық сақтау басқармасы ол баланың кім екенін нақты айтпады.

Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінің алдында болған. Бала көлікте жалғыз отырды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз, полиция ол жөнінде хабарламады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG