Accessibility links

Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарының сүйектерін қайта жерледі


Жаңалық ауылында табылған қуғын-сүргін құрбандарының сүйектерін қайта жерледі. Алматы облысы, 30 мамыр, 2024 жыл.
Жаңалық ауылында табылған қуғын-сүргін құрбандарының сүйектерін қайта жерледі. Алматы облысы, 30 мамыр, 2024 жыл.

30 мамырда Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында Сталин кезеңінде қуғын-сүргінге ұшыраған ондаған адамның сүйектерін қайта жерледі. Олардың сүйегін былтыр осы ауылдан тапқан.

"Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарованың айтуынша, қазба жұмыстарына сол кездегі мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсеткен.

"Қазба жұмысы нәтижесінде табылған 50 сүйекке ДНҚ сараптама жүргізілді. Енді оларды қайта жерлеп жатырмыз. Бұл жұмыс қуғын-сүргін тарихын зерттеуде археологиялық сот-медициналық сараптама, генетикалық зертхана, музей саласын біріктірді" деді Мұхтарова.

Жаңалық ауылында табылған қуғын-сүргін құрбандарының сүйектерін қайта жерледі. Алматы облысы, 30 мамыр, 2024 жыл.
Жаңалық ауылында табылған қуғын-сүргін құрбандарының сүйектерін қайта жерледі. Алматы облысы, 30 мамыр, 2024 жыл.

Қорымнан табылған сүйектер мен заттарды Есік музей-қорығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің ғалымдары зерттеп, монография жазған. Әзірше сүйектер кімдікі екені белгісіз. Ғалымдардың болжамынша, бұл адамдар 1938 жылдары көмілген. Өйткені қорымда табылған газетте 1938 жыл деген жазу болған.

Сүйектерінің жанынан газет қиындысынан бөлек, тіс щеткалары, сырға, оқ, түйме, тиын, кілт, темекіге арналған түтікше, аяқкиім бөліктері табылған. Оларды қуғын-сүргін құрбандары музейіне тапсырған.

Тарихшылардың деректері бойынша, сталиндік қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 22 мың адам атылған. Солардың арасында бес мыңға жуық адам Жаңалық ауылы маңындағы жерге көмілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG