Accessibility links

Ақтөбеде "терроризмді насихаттады" деген күдікпен жасөспірім қамалды. Туыстары шешіммен келіспейді


Ақтөбедегі тергеу изоляторы. Көрнекі сурет.
Ақтөбедегі тергеу изоляторы. Көрнекі сурет.

Ақтөбенің 17 жастағы тұрғыны «терроризмді насихаттады» деген күдікпен екі айға тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы сот қаулысы 31 мамыр күні шыққан.

Күдіктінің шешесі ұлына тағылған айыппен келіспейді. Айтуынша, жергілікті колледждердің бірінде құқықтану мамандығы бойынша білім алып жүрген жасөспірім прокурор болуды армандаған.

- Терроризмді насихаттады деген өте ауыр айып. Дін жолын ұстанбайтын, кәмелетке толмаған бала қалай терроризм насихатшысы болады? Баламның намаз оқығанын көрген емеспін. Отбасымызда дін жолын ұстанатын бір адам жоқ, - дейді күдіктінің анасы.

Ақтөбе облыстық соты 17 жастағы студентті екі айға қамалғанын растады. Сот қаулысы жұма, 31 мамыр күні шыққан. Қаулы әлі күшіне енбеген. Соттың мәліметінше, жасөспірім терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (ҚР ҚК 256-бабының 2-тармағы) бабымен күдікті деп танылған.

Анасының сөзінше, тергеу органдары ұлын биыл сәуір айында Telegram мессенджерінде «Харун Абу Халил» логинімен тіркеліп, «Әл Салаф» деген қоғамдастық құрды деп айыптаған. Қоғамдастық мүшелері бір-бірімен жазысқан хабарламаларға кешенді сараптама жасалып, мәтінде терроризм насихаты бар деген тұжырым жасалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG