Accessibility links

Ирандағы президент сайлауы: Махмуд Ахмадинежад кандидат ретінде тіркелді


Махмуд Ахмадинежад, Тегеран, 1 маусым 2024 жыл.
Махмуд Ахмадинежад, Тегеран, 1 маусым 2024 жыл.

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад президенттіктен үміткер ретінде тіркелді.

Ахмадинежад 2005-2013 жылдар аралығында екі мерзім президент болған. Екінші мерзім тұсында оның қайта сайлануына қатысты елде наразылық тұтанып, күшпен басып-жаншылған, қудалау күшейген. Президент болғанға дейін ол Ардебиль провинциясына жетекшілік етті, Тегеран мэрі болды.

Мемлекет басшысы болып тұрған тұста Ахмадинежад Ресей және араб елдерімен байланысты күшейтуді қолдап, АҚШ әкімшілігін қатаң айыптаған, Израильге қатысты қатаң мәлімдемелер жасаған.

Ахмадинежад тұсында Иран ядролық бағдарламасын дамытуды жылдамдатқан. Оның елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеимен билік үшін таласы қатты байқалған.

Бұған дейін де Ахмадинежад сайлауға қатысуға ниет білдіргенмен шеттетілген.

XS
SM
MD
LG