Accessibility links

Стамбұлда тұрғын үй опырылып құлап, бір адам қаза болды, жеті адам зардап шекті


Жексенбі күні таңертең Түркияның Стамбұл қаласында үш қабатты тұрғын үй опырылып құлады. Оның себебі анықталып жатыр.

Стамбұл губернаторы Дәуір Гүл кемінде жеті адам жараланғанын хабарлады. Олар ауруханаға жеткізілген, екеуінің жағдайы ауыр. Milliyet басылымының жазуынша, бір адам қаза болған. Құтқарушылар үйіндіні әлі аршып жатыр, онда тағы адамдар болуы мүмкін.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 1988 жылы салынған үй жексенбі күні таңертең сағат 8:40 шамасында болған. Жарылыс не жер сілкінісі болмаған. Бірнеше қабатты үйдің тек жоғарғы жағындағы екі қабат қана тұрғын үй қажеттілігіне берілген, қалғанын бизнес өкілдері жалдап келген.

Көшедегі бақылау камераларынан үй опырылып құлаған кезде маңындағы аялдамада қоғамдық көлік күтіп тұрған жолаушылардың құлаған кесектерден әрең қашып шыққанын көруге болады.

Тұрғындардың сөзінше, үй баяғыда сүрілуі тиіс болған, алайда үй иесі тұрғындарды көшіріп үлгермеген.

XS
SM
MD
LG