Accessibility links

Сингапурда Украина президенті мен Пентагон басшысы кездесті


Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин "Диалог Шангри-Ла" форумында. Сингапур, 2 маусым 2024 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин "Диалог Шангри-Ла" форумында. Сингапур, 2 маусым 2024 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Сингапурда өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған "Диалог Шангри-Ла" форумы барысында кездесті.

Кездесуден кейін Зеленский Телеграм-парақшасында Пентагон басшысымен Киевтің қорғаныс қажеттіліктері, Украинаның әуе қорғанысын күшейту, F-16 жойғыш ұшақтарын тасымалдау, сонымен бірге қауіпсіздік бойынша екіжақты келісімге дайындық мәселелерін талқылағанын жазды.

Украина жетекшісі Ресей аумағындағы нысандарға Америка қаруымен соққы жасауға рұқсат бергені үшін АҚШ президенті Джо Байденге алғыс айтты. Зеленскийдің сөзінше, соққы жасаудағы мақсат – әскери қимыл аймағын кеңейткісі келетін Ресей әскерінің әрекетіне төтеп беру.

Байденнің Америка қаруын Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасауға қойылған тыйымды білдірмей алып тастағанын мамырдың соңында АҚШ ақпарат құралдары жазған. Кейін Пентагон ақпаратты растаған. Дегенмен өте алысқа ұшатын ATACMS ракеталарын пайдалануға салынған тыйым күшінде.

XS
SM
MD
LG