Accessibility links

"Жетісу" футбол клубының директоры екі айға қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Талдықорған қаласының тергеу соты жергілікті "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөнсебаевты екі айға қамады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары "Жетісу" клубының директоры Дөнсебаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат таратқан еді. Басылымдар оның 1,8 млрд теңге (4 млн доллар) жымқырғанын жазып жатыр. Бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Ашық ақпарат көздерінде Дөнсебаевтың бизнесмен әрі "Жетісу" әуе компаниясының президенті екені жазылған. Облыс мәслихатының депутаты болған. 2022 жылы Дөнсебаев кезектен тыс президент сайлауы алдында мемлекеттік награда алғандардың тізіміне енген.

"Жетісу" футбол клубы директорының ұсталғаны жайлы ақпарат жемқорлыққа қарсы қызметтік спорт саласындағы жемқорлықтар анықталып жатқаны жайлы мәлімдемесінен соң тарады. Ведомствоның ақпаратынша, 2018 жылдан бері спортқа бөлінген ақша екі есеге өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен, алдағы бірнеше жылда тағы 1,3 трлн теңге бөлінбек. Жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, бақылаушылар елде күмәнді матчтар көбейгенін де айтқан.

Швейцариялық Sportradar компаниясы 2023 жылы наурыздағы есебінде Қазақстанда 2022 жылы 40-тан аса күмәнді матч анықталғанын жазған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG