Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы бейсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде Пәкістан, Сомали, Панама, Дания және Грецияны сайлады. Олардың екі жылдық қызметі 2025 жылғы 1 қаңтарда басталады. Аталған мемлекеттер Эквадор, Жапония, Мальта, Швейцария мен Мозамбиктің орнына келмек.
Қауіпсіздік кеңесі – БҰҰ-дағы санкция салу және күш қолдануға рұқсат беру сияқты заңды күші бар шешімдер қабылдай алатын жалғыз орган.
Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты мүше мәртебесі бар бес ел – АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қытай – вето құқығына ие. Кеңестің басқа мүшелері тұрақты емес, оның қатарындағы бесеуі жыл сайын жаңадан сайланып отырады.
ПІКІРЛЕР