Accessibility links

Ресей ІІМ Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенкоға іздеу жариялады


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко

Ресейдің ішкі істер министрлігі Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға іздеу жариялады. Бұл жөнінде Ресейдің ақпарат құралдары жазды.

Іздеу картасында Тимошенкоға қылмыстық бап бойынша айып тағылғаны жазылған, бірақ нақты қай бап екені көрсетілмеген.

Юлия Тимошенко бірнеше рет депутат болған, 2007-2010 жылдары Украинаның премьер-министр қызметін атқарды. Украинадағы президент сайлауына үш рет қатысты.

Виктор Янукович тұсында оған қарсы бірнеше қылмыстық іс ашылған, 2011 жылы "Ресеймен газ келісімін жасасқан кезде қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деген айып бойынша қамалып, жеті жыл түрмеге кесілді. Янукович биліктен шеттетілгеннен кейін ол босатылып, оған қарсы істер жабылды.

Қазір Тимошенко Жоғарғы радада депутат, "Батькiвщина" партиясына жетекшілік етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG