Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының жетекшісі Кристоф Делуар қайтыс болды


2012 жылдан бері "Шекарасыз тілшілер" ұйымының бас хатшысы әрі атқарушы директоры Кристоф Делуар
2012 жылдан бері "Шекарасыз тілшілер" ұйымының бас хатшысы әрі атқарушы директоры Кристоф Делуар

Сенбі күні Парижде халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымының бас хатшысы Кристоф Делуар 53 жасында көз жұмды. Ол ұйымға 12 жыл жетекшілік еткен.

Делуар журналистикаға саяси тақырыптарда жазатын тілші ретінде келген. Апталық Le Point басылымында зерттеуші болды. "Фламмарион" басылымының редакторы қызметін атқарды. 2010 жылы Пантеон-Сорбонна университетінің саясаттану бойынша докторлық мектебінің басқармасына енді. Журналистерді дайындау орталығының директоры болды. 2012 жылы Делуар әлем бойынша цензурамен күрес және баспасөз еркіндігімен айналысатын халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымының бас хатшысы болды.

Делуар ұйымға жетекші болып тұрған тұста ұйымның Лондон, Рио-де-Жанейро, Тайбэй және Дакарда өкілдігі ашылды. Қазір ұйымның әлем бойынша 13 кеңсесі бар, 130 елде өкілдері мен тілшілері бар. Ол ұйымды басқарып тұрған кезде цифрлық кеңістіктегі демократияға кепілдік беру мәселелерімен айналысатын ақпарат және демократия жөніндегі комиссия жасақталды.

"Шекарасыз тілшілер" және Делуардың өзі кәсіби қызметімен айналысқаны үшін қудаланған журналистердің құқығын қорғауға ірі үлес қосты. Делуар тәліптер тұтқынында болған француз-ауған журналисі Мұртаза Бехбудидің босатылуына қол жеткізді. Ол Ресейде соғысқа қарсы плакаты үшін қудаланған "Бірінші арна" редакторы Марина Овсянникованың елден кетуіне көмектесті. Ол түрмедегі Wikileaks жетекшісі Джулиан Ассанжға бірнеше рет барған.

Оның журналистік зерттеулеріне негізделген бірнеше кітап жарық көрген.

XS
SM
MD
LG