Accessibility links

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекара аумағында дауыс үдеткіштер арқылы хабар таратады


Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекара аумағында дауыс үдеткіштер арқылы хабар тарата бастайды. Бұл жөнінде республиканың президент әкімшілігі хабарлады. Солтүстік Кореяның шекаралас аумақтарында тұратын тұрғындар солтүстіккореялық пропагандалық медиаға кереғар жаңалықтар мен өзге де ақпараттарды ести алады.

Сеулдің мәлімдеуінше, бұл Пхеньян ұйымдастырған "қоқыс шабуылына" жауап. Мамырдың аяғында Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарай қалдық салынған қаптары бар мыңдаған әуе шарларын жіберген.

Пхеньянның түсіндіруінше, бұл Сеулдің Ким Чен Ын режимімен күресуге шақырған үнпарақтары бар әуе шарларына жауап. Шарларда үнпарақтан бөлек, Солтүстік Кореяда тыйым салынған оңтүстіккореялық фильмдер мен поп-музыка жүктелген флешкалар, доллар банкнотттары болған.

Сеул дауыс үдеткіштермен ақпарат таратуды алғаш рет 2004 жылы бастаған, содан бері бұл тәжірибені шекараға жақын маңда жиі қолданып жүр. Солтүстік Корея цензурадан өтпеген ақпарат мен тыйым салынған музыка шекарадағы әскерді азғындайды деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG