Accessibility links

Украинаның барлау басқармасы ресейлік Су-57 жойғыш ұшағын алғаш рет істен шығара алғанын хабарлады


Су-57 жойғыш ұшағы
Су-57 жойғыш ұшағы

9 маусымда Украинаның бас барлау басқармасы украин әскері ресейлік Су-57 жойғыш ұшағын алғаш рет істен шығара алғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, соққы 8 маусымда Астрахан облысындағы Ақ төбе әскери аэродромына жасалған. Бұл майдан сызығынан шамамен 600 шақырым жерде жатыр.

Украинаның бас барлау басқармасы жариялаған спутник суреттерінде ұшақтың аэродромда тұрғаны көрінеді. 7 маусым күнгі суретте ұшақ бүтін, ал 8 маусым күнгі суретте ұшақ маңында жарылыс пен күйік іздері байқалады.

Әскери аэродромға соққы жасалғаны жөнінде ақпаратты ресейлік билікшіл телеграм-арналар да растады. Жойғыш ұшақ қаншалықты бүлінгені жөнінде ақпарат жоқ.

Fighterbomber телеграм-арнасының жазуынша, аэродромға дрондармен соққы жасалған. Қазір әскери мамандар оны қалпына келтіруге бола ма, жоқ па, сол мәселені талқылап жатыр.

Әскери блогерлер ұшақ шоғырланған аэродромның қорғанысы әлсіз екеніне назар аударады.

Ресейдің қорғаныс министрлігі ақпаратқа түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG