Accessibility links

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" компаниясының басқарма төрағасы болды


Бағдат Мусин
Бағдат Мусин

Бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы 10 маусымда "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелекомның" бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындады еді.

30 сәуірде цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "өз еркімен" қызметтен кеткен еді. Оның орнына Жаслан Мәдиев келген. Мусин бұл министрліктің басына 2020 жылдың 2 қыркүйегінде келген еді.

Мусин министр болып тұрған кезде "Астана интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озды" деп айтып, қоғам сынына қалған. Жұрт Қазақстанда, әсіресе Астана қаоасында интернет сапасы нашар екенін жиі айтады.

Ал елдегі негізгі интернет провайдердің бірі "Қазақтелеком" компаниясы саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG